Атыраудағы қанды қылмыс бойынша журналист Жанат Жақсыбайқызы тың дерек айтты, деп хабарлады MadeniPo...
Жігіттің ұсынысын қабылдамаған қыз туған күнінде көз жұмды
Фото: әлеуметтік желі
Пәкістанда 17 жастағы TikTok жұлдызы Сана Юсаф туған күнін атап, әлеуметтік желіге соңғы видеосын жариялағаннан кейін бірнеше сағат өткен соң өз үйінде атып өлтірілді. Қайғылы оқиға ел астанасы Исламабадта болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сана Юсаф әлеуметтік желіде миллионнан астам оқырманы бар танымал контент авторы болған. Ол TikTok-та сән, сұлулық тақырыптарындағы видеолар жариялап, туған өлкесі Читралдың дәстүрлі мәдениеті мен ұлттық киімдерін насихаттаған. Сонымен қатар қыздардың білім алуын қолдайтын жазбаларымен де танылған.
Қайтыс боларынан бірнеше сағат бұрын туған күнін атап өткен
Сана 2025 жылғы 2 маусымда 17 жасқа толған. Сол күні ол достары және жақындарымен бірге туған күнін атап, торт кесіп жатқан видеосын әлеуметтік желіге жариялаған. Бұл оның өміріндегі соңғы жарияланымдарының бірі болды.
Алайда бірнеше сағаттан кейін қыздың үйіне қарулы адам кіріп, оған оқ атқан. Полицияның мәліметінше, Сана кеуде тұсынан екі оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті 20 сағат ішінде ұсталды
Қылмысқа күдікті ретінде 22 жастағы Умар Хаят ұсталған. Полиция оны қылмыстан кейін шамамен 20 сағат ішінде Фейсалабад қаласында қолға түсірген. Тергеу барысында полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын, телефон деректерін және басқа да дәлелдерді пайдаланған.