Алматы әуежайының қызметкерін биыл наурызда 67 жастағы ер адам кепілге алған еді. Бұл оқиғаға байл...
Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты
Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz
Қарағанды облысында SHACMAN маркалы самосвал мен Алматы – Петропавл бағытындағы жолаушылар пойызы соқтығысты. Қатты соққыдан жүк көлігі қатты қираған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жол-көлік оқиғасы Шет ауданындағы Сарышаған – Қарағанды теміржол учаскесінде болған.
Алдын ала мәліметке сәйкес, жүк көлігінің жүргізушісі реттелмейтін теміржол өткеліне жақындап келе жатқан пойыздың алдынан шығып кеткен.
Қауіпті дер кезінде байқаған пойыз машинистері шұғыл тежегішті іске қосқан. Алайда арақашықтықтың тым жақын болуына байланысты апаттың алдын алу мүмкін болмаған.
Соққының қатты болғаны сонша, самосвалдың кабинасы мен басқа да бөліктері қирап, көліктің қаңқасы ғана қалған.
Белгілі болғандай, жүк көлігін 53 жастағы ер адам басқарған. Ол соқтығысар алдында кабинадан секіріп үлгерген. Алайда апаттан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.