Щучинскідегі дәмхана жарылысы: Қаза тапқандар саны 11-ге жетті

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
582

Ақмола облысында Щучинск қаласындағы "Центр плова" кафесінде болған жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек дәрігерлер бар күшін салғанымен, науқастарды аман алып қалу мүмкін болмағанын айтты. Олардың жағдайы өте ауыр болған.

"8 наурызда зардап шеккендердің бірі "Авиценна-Бурабай" стационарының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Ал 9 наурызда Көкшетаудағы көпсалалы облыстық ауруханада ем алып жатқан науқас көз жұмды. Дәрігерлер басқа зардап шеккендердің өмірі үшін күресіп жатыр. Оларға барлық қажет медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді облыстың бас дәрігері.

Еске салайық, төтенше жағдай 26 ақпанда кешкі уақытта болған. Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге тіркелген бір қабатты дәмханада газ ауа қоспасы жарылып, өрт шыққан. Бұған дейін оқиға салдарынан 7 адам қаза тапқан

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...