Гауһар Әлімбекова министр мен әншілерге алғыс айтты – видео

ЖАҢАЛЫҚТАР
4605

Өнер жұлдызы сот үкімімен алаяқтық жасады деп танылып, алты жылға сотталған болатын.

Бүгін ғана қолхатпен түрмеден босап шыққан әнші Гауһар Әлімбекова өзіне қол ұшын созған барша жанға алғысын жаудырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Желіде әншінің мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен өнердегі әріптестеріне ризашылығын білдіріп жатқаны түсірілген видео тарады. "Министр мырзадан бастап, баршаңызға үлкен алғыс айтамын. Мен мына жерде отырып, барлықтарыңыздың мен үшін уайымдағаныңызды, жүректеріңіздің менімен бірге болғанын сезіндім деп аузымды толтырып айта аламын", - дейді Әлімбекова видеода.

Айта кетсек, бүгін әнші сот үкімі күшіне енгенге дейін қолхатпен босатылды. Әзірге Әлімбекова үйқамақта болады.


30 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық соты өнер жұлдызын алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 6 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Әншімен қоса сот алдында 2016 жылы 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған Феруза Ордабаева да жауап берді. Анықталғандай, айыпталушылар танысына ірі тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алып беруді уәде етіп, ақшаны қайтармай қойған.

author

Гауһар Әлімбек

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...