Қазақстанның халық жазушысы Олжас Омарұлы Сүлейменов 90 жасқа толып жатыр, деп хабарлады Madeni...
Ер адам ағасын өлтірген кісіден кек алды
Фото: freepik
194
Дағыстанның Махачкала қаласында 44 жастағы ер адам қаза тапты. Оқиға 14 тамызда Максим Горький көшесінде болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Тергеу мәліметінше, 38 жастағы Мұса Хизриев ер адамға пышақпен шабуыл жасап, оған шамамен 20 рет соққы жасаған. Жәбірленуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Тергеу комитеті қылмыстың негізгі себебі кек алу болуы мүмкін екенін хабарлады. Анықталғандай, қаза тапқан ер адам бұған дейін Хизриевтің ағасын өлтіргені үшін сотталып, жазасын өтеген. Ол түрмеден жақында ғана босап шыққан.
Күдікті шабуылдан кейін оқиға орнынан қашып кеткен.