Автобус жүріп кеткен: Алматыда әйел адам автобустан түсерде омыртқасын сындырып алды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1205

Алматыда әйел адам автобустан түсерде омыртқасын сындырып алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Алматыда №104 бағыттағы автобустан түсу кезінде жолаушы әйел ауыр жарақат алды. Оқиға 21 желтоқсанда ADEM сауда орталығы маңындағы аялдамада болған. Автобус жүргізушісі жолаушы толық түспей жатып қозғалып кеткен. 

Зардап шеккен Айнұр Меркулова №7 қалалық ауруханаға жеткізіліп, қазір қозғала алмай жатыр. Оған ота жасау жоспарланған. Әйелдің айтуынша, құқық қорғау органдарына жасаған өтініштері әзірге жауапсыз қалған. 

Ол істің қоғамдық резонанс алуын сұрап, видеоүндеу жариялады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...