Ақын Ордабайұлының кезекті жаңа кітабы оқырманға жол тартты Жуырда Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлт...
Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартетінің концерті өтті
Еркеғали Рахмадиев атындағы академиялық филармонияның Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті кезекті концертін өткізді, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".
Көрермендер Мемлекеттік опера және балет театрының Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында үш ғасыр үндестігінің циклына тоғыстырған керемет концерттің куәсі болды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ернар Мыңтаев. Концерттік бағдарламада Л.Бетховенның, Д.Шостаковичтың және А.Жайымның шығармалары орындалды.
Кеш қонақтарына керемет классикалық музыка кешін тарту еткен Ғазиза Жұбанова атындағы ішекті аспаптар квартетінің музыканттары: бірінші скрипкада - Айдар Тоқталиев, екінші скрипкада - Алексей Лебедев, виолада - Бекзат Сайлаубайұлы және виолончельде - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ернар Мыңтаев сан ғасырдан бері бір нотасы өзгермеген классикалық туындылармен тыңдарманға ерекше көңіл күй, жан дүниесіне тыныштық сыйлай білді.
Халықаралық байқаулардың лауреаты, Композиторлар одағының мүшесі - Арман Жайым фортепианода кештің сәнін кіргізіп, үздік туындыларын орындап берді.