“10 баспананы сатып қонақ үй салған”: Ілияс Сариевтың тағы бір сұмдығы

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
2013

Түрмедегі Ілияс Сариевтың тағы бір былығы ашылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай айтты. 2022 жылдың жаз айында

Ілияс Сариев «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинаған. Кейін баспана алдық деп жарияға жар салады.

Бірақ Назгүл мен Құндызға үй табысталмады. Сонымен қатар екі қыздың сыныптасы да Ілиястан үй алуы керек болған. Бірақ ол да жоқ. Үй 2 жыл бұрын берілуі керек болған.

“Маған Ілияс аға келіп, үйдің сертификатын берген болатын. Бірақ екі жыл болды. Кілтті де, үйді де бермеді. Әлі күтудеміз”, - деді Пернебек.

Сонымен қатар Ілияс Сариев желіде 2023 жылы тағы бір үйге үй берген. Бірақ ол үйдің де кілті берілмеді.

Алматы қаласы, Қарасай ауданы, Кемертоған елдімекеніне барған Руслан Өтепбай сұмдықтың куәсі болды.

Руслан Өтепбайдың айтуынша, Ілияс 10 адамның үйін Марсбек деген жігітке сатып жіберген. Ал сатып алушы жігіт ол мұқтаждардың үйі екенін білмегенін айтты. Болашақта ол жер қонақ үй болатын көрінеді.

Айта кетейік, 10 сәуір күні «Елге көмек бер» қайырымдылық қорының жетекшісі Ілияс Сариев алаяқтықпен ұсталып, 2 айға қамалған еді. Ол бір топ адамды қажылыққа жібермеген компанияны жарнамалағаны үшін ұсталды. Алайда Ілияс Сариевтың үстінен арыз түсірушілер қатары күн санап артуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Индира Елемес Руслан Өтепбайға сұхбат берді, деп хабарлады MadeniPortal.kz. Әнші күйеу...

PESTEL

АҚШ президенті Дональд Трамптың арнайы өкілі Берлинде Украина, Германия, Франция және Ұлыбритания ба...