Таразда өлім тіркелген процедуралық кабинеттің иесі және науқасқа антибиотик инъекциясын салған медб...
Бүгін кей өңірлерде үсік жүреді
Фото: freepik
"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 22 мамырда елдің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, кей уақыттарда қатты жаңбыр, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, түнде облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматыда жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-18 м/с. Қонаевта кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 22 мамырда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі. Жезқазғанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда түнде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.