Генадий Головкин маңызды мәлімдеме жасады

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
246

Қазақстандық экс-боксшы Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып тағайындалғанна кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Маған World Boxing ұйымын басқару сияқты үлкен жауапкершілік жүктелді. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен құттықтаулар келіп жатыр және олардың әрқайсысы мен үшін ерекше құнды.

Мен жолымды әуесқой рингтен бастап, Олимпиада ойындарына, әлем чемпионы атағына және табысты кәсіпқой карьераға дейін жеттім. Туған еліме және әрбір қазақстандыққа көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдіремін», - дейді Геннадий Головкин.

Ол бокстың Олимпиадада сақталуы үшін еңбек ететінін ерекше атап өтті.

«Бүгін мен жаңа кезеңге қадам басып, бокстың болашағы үшін қызмет етуге бел будым. Алдымызда тұрған басты мақсат – осы спорт түріне деген сенімді қайтару және оның Олимпиадалық бағдарламада берік сақталуын қамтамасыз ету.

Біз тәуелсіз әрі Олимпиадалық құндылықтарға адал боламыз», - деді экс-боксшы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Qazaq Airan жобасына қонаққа келген Алмат Сақатов Ардақ Назаровтың шу болған әрекеті туралы пікір бі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстанда өртенген үйден 5 жасар қыздың денесі табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....