Алматыда әйелді қорлаған Канада азаматы 5 тәулікке қамалды (ВИДЕО)

АЛМАТЫ Қаласы Полиция департаменті

ЖАҢАЛЫҚТАР
420

Алматыда әйелдің атына балағат сөздер айтқан ер адам жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жанжал Абылай хан даңғылындағы мекемелердің бірінің маңында болған. Оқиға түсірілген видео әлеуметтік желілерде тез тарап кетті.

Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады. Ол Канаданың азаматы болып шықты.

Ер адамға ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот оған 5 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Полиция Қазақстанда заңның азаматтығы мен мәртебесіне қарамастан барлығына бірдей қолданылатынын атап өтті.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында әйелін ит қауып алғаннан кейін жануарды балтамен ұрып өлтірген ер адам сот алдында...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық өнер иесі, композитор әрі продюсер Қанат Айтбаев жалғыз қызы Раушанға арнап жаңа ән шығ...