Едіге Емберді Азия чемпионатында қос рекорд орнатып, алтын иеленді

Фото: ҰОК

ЖАҢАЛЫҚТАР
1670

Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында тағы да медальдармен көзге түсті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Барлық үш жүлдені де 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жігіттер иеленді.

17 жасқа дейінгі атлеттер арасындағы жарыста Нұржан Жұмабай тұғырдың ең биік сатысына көтерілді. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 315 келіні көтерді. Сонымен қатар серпе көтеруде Азия рекордын жаңартты – 175 келі. Ал жұлқа көтеруде Нұржан 140 келіні бағындырды.

U20 санатындағы Азия чемпионатында Едіге Ембердіге тең келер ешкім болған жоқ. Ол да серпе көтеруде құрлық рекордын жаңартты – 194 келі. Жұлқа көтеруде 153 келіні еңсерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша 347 келіні бағындырып, алтын медаль жеңіп алды.

U20 жарысында екінші орынды қазақстандық Ақжол Құрманбек иеленді. Ол қоссайыста 343 (151+192) келі нәтижесін көрсетті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...