АҚШ-та жасанды интеллект оқушының қолындағы чипсиді қарумен шатастырып алды

Фото: Pinterest

ЖАҢАЛЫҚТАР
949

АҚШ-тың Балтимор округінде жасанды интеллект жүйесі мектеп оқушысының қолындағы чипсы салынған пакетті қару деп қателесіп, полицияға хабар берген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Таки Аллен есімді оқушы достарымен бірге тіскебасардан ауыз тиіп отырған сәтте, полиция қызметкерлері мылтық кезеніп, оны жерге жатқызған. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің қолына кісен салып, тінту жүргізгенімен, ешқандай қару таппаған.

Кейін полицейлер оқушыға жасанды интеллект түсірген күдік тудырған суретті көрсеткен. Онда Алленнің қолындағы пакеті қаруға ұқсап қалғаны байқалады.

Балтимор округінің мектептерінде былтыр орнатылған AI қару анықтау жүйесі бейнебақылау арқылы күмәнді нысандарды анықтап, полицияға хабар жібереді.

Мектеп әкімшілігі оқиғаға байланысты ата-аналар мен оқушыларға хат жолдап, бұл жағдайдың балаларға психологиялық тұрғыда кері әсер еткенін мойындады және оларға кеңесшілер тарабынан көмек көрсетілетінін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...