Яна Легкодимованы өлтірді деп айыпталғандарға үкім шықты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
838

Атырауда 24 жастағы Ризуан Асланов пен 25 жастағы Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Олар "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған кісі өлтіру" және "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған бөтеннің мүлкін қасақана жою" баптары бойынша кінәлі деп танылды.

Сот биыл қыркүйек айының соңында басталды. Сотта айыпталушылардың хат алмасулары оқылып, олар қызды өлтіру және мәйіттен құтылу жоспарын құрғаны анықталды.

Янаның мәйіті Жайық өзенінің жағасынан табылған, іздеу жұмыстары сегіз айға созылған.

АЙМАҚТАР

«Қагидромет» РМҚ синоптиктері Қазақстанға суық антициклон жақындап келе жатқанын мәлімде...

ЖАҢАЛЫҚТАР

«Қазақмыс» Тобында Safety Stand Down форматындағы жұмыскерлермен өткізілген кездесулерді...