«Интернет мешітке айналды»: Теолог тоқал тақырыбын дін жолында жүргендер ушықтырды дейді

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
531

Исламтанушы, теолог Бауыржан Есмахан “Әңгіме бар” подкастында Айнұр Асанбердіге сұхбат берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сұхбат барысында әлеуметтік желі сөз болды. 

«Әлеуметтік желіде үлкенің де, кішің де, жасың, әлі балиғат жасына толмағандар да отырады. Әлеуметтік желі өміріміздің бір саласына айналып бара жатыр. Сол үшін ол жерде абайлап сөйдеу керек деп ойлаймын. Желідегілер бір-бірінің шекарасына өтпеу керек. Егер діни сұрағың болса, маманнан сұраған дұрыс. Яғни, имам, теологтардан. Ал блогерлер, спортшылар біздің шекарамызға кіріп, біздің орнымызға әңгіме айтуы мүмкін. Мен исламтанушы болып отырып спорт туралы әңгіме айтсам, маған ел өз шаруаңды істе дейді. Желі мешітке айналды», - дейді маман.

Айнұр Асанберді қазіргі таңда қыздардың мешітке баруына деген теологтың көзқарасын сұрады. Бауыржан Есмахан  шариғат бойынша қыздар үйден шықпасын деген заң жоқ екенін айтты. Подкаста тоқал тақырыбы да сөз болды.

«Әйел затының исламдағы орны өте үлкен. Қазіргі исламтанушы имандар болсын, теологтар болсын әлеуметтік желіде тоқал тақырыбын көп қозғап кетті. Негізі отбасы ішінен шықпайтын тақырыптар болады. Неше түрлі тақырыптар бар. Бірақ дүйім жұрттың алдында айтпайтын тақырыптар да бар. Теолог, имамдардың тоқал төңірегін қозғауы көбейіп кетті. Оны да біреу сұраған болар. Тағы депутаттар да осы тақырыпты қозғап жатыр. Бұл өзекті мәселеге айналды», - дейді теолог.

Бауыржан Есмахан  желіде әдет-ғұрып, салт-жана, жат ағымдар, даму, өсу туралы мәселелер көбірек айтылуы керегін алға тартты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы Елдос Тоқтарбай Конституциядағы орыс тіліне қатысты норманы алып тастауды ұсынды, деп хабарла...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында із-түзсіз жоғалған азаматтарды іздеу жұм...