46 мың оқу-құрал үшін: Ата-аналардың шоттарына 20 млрд теңге аударылды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
709

"Жалпыға бірдей білім беру" қоры аясында ата-аналардың және заңды өкілдердің есепшоттарына ақша аударылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл қаржы оқушы балалары барларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу-құралдарын сатып алу үшін жіберілген. Жалпы суммасы шамамен 20 млрд теңге. 

Оқу-ағарту министрлігі қолдау 430 мыңнан астам баланы қамтығанын, бұл жалпы алушылар санының 87%-ына жуығы екенін атап өтті. 

Биыл жаңа оқу жылында мұндай көмек 500 мыңнан астам балаға көрсетіледі. Оның ішінде – жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, аз қамтамасыз етілген және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың балалары, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар бар. 

Бүгінде Астана мен Шымкент қалаларында қаражат толық көлемде аударылып, 100% отбасы көмек алды.

Өңірлер ата-аналардың есепшоттарына қаражатты белсенді түрде аударуда. Көмек алғандар сатып алынған тауарларды растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс. Төлемді алу үшін өтініш жазу жеткілікті, — деді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

2025 жылы «Жалпыға бірдей білім беру» қоры бойынша жалпы қаржыландыру көлемі 23,1 млрд теңгені құрайды. Төлем мөлшері өңірлік бюджетке сәйкес, мәслихат шешімі негізінде белгіленеді және бір балаға кемінде 46 228 теңгеден төмен болмауы тиіс. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...