Чехияның бұрынғы премьер-министрі және «АНО» қозғалысының жетекшісі Андрей Бабишке Добра...
«Интимдік қатынас болған»: Ақтөбеде жасөспірімнің анасы 40 жастағы ер адамға қатысты іс қозғалмағанына наразы
BBC
Ақтөбеде 16 жастағы жасөспірімнің ата-анасы интернетте өзін баласымен құрдас ретінде таныстырған 40 жастағы ер адамға қатысты полицияға арызданған. Бұл туралы «Письмо Президенту» Telegram арнасы жазды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Арнаның мәліметінше, ер адам жасөспіріммен интернет арқылы танысып, өзін оның құрдасы ретінде көрсеткен. Ата-анасының айтуынша, кейін екеуінің арасында бірнеше рет интимдік қатынас болған. Ер адамның отбасылы, бірнеше баласы бар екені де айтылды.
Жасөспірім денсаулығына байланысты ауруханаға түскеннен кейін отбасы құқық қорғау органдарына жүгінген.
Адвокат Данияр Сүндетбаевтың сөзінше, қылмыстық іс қозғалмай отыр. Оның айтуынша, бұған келісім жасына қатысты құқықтық норма негіз ретінде көрсетілген.
«Жергілікті прокуратура мен полиция бұл жағдайға құқықтық баға береді деп сенеміз», – деп жазды Telegram арнасы.
Әзірге полиция мен прокуратураның аталған жағдайға қатысты ресми түсініктемесі жарияланғаны жөнінде мәлімет жоқ. Ата-ананың айтқандары мен адвокаттың мәлімдемесі тәуелсіз түрде расталмаған.