Иранда 30-дан астам адамның көзі көрмей қалды

Фото: ochkov.net

ЖАҢАЛЫҚТАР
3042

Иранда жарылыстың салдарынан адамдар көз жанарынан айырылды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бендер-Аббас қаласындағы Шахид Раджаи портында болған жарылыстан кейін 30-дан астам адам көру қабілетінен айырылған.

Қолда бар мәліметке сәйкес, зардап шеккендердің басым бөлігі — порт жұмысшылары, құтқарушылар және жарылыстан кейін оқиға орнына жеткен еріктілер.

Жарылыс болғанына он күнге жуықтаса да, жауапты мекемелер әлі күнге дейін зардап шеккендер туралы нақты мәлімет жариялаған жоқ.