Әділетхан Молдаханның отбасы сот қарсаңында мәлімдеме жасады

әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
849

2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған Әділетхан Молдаханның жақындары апелляциялық сот қарсаңында сұхбат беріп, жазаны жеңілдетуді сұрады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның мәліметінше, бірінші сатыдағы сот Әділетхан Молдаханды кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Алайда сотталған азаматтың отбасы мен бауырлары тағайындалған жазаны жеңілдетуді сұрап отыр.

Қорғау тарапы да сот үкіміне апелляциялық шағым түсірген.

Апелляциялық сот отырысы ертең, 22 қыркүйекте өтеді. Онда қорғау тарапының шағымы қаралып, тиісті шешім қабылданады.

 
Посмотреть в Threads

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекова банктегі ақшаның жойылуы мүмкін екені туралы әңгімеге қатысты жазба...

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...