Ақтөбеде ер адам жүргізушілерді алдаудың тосын тәсілін ойлап тапқан. Ол жаяу жүргіншілер өткелінде ө...
Ірі көлемдегі ықтимал пара: Қостанайда тағы бір шенеуніктік ұсталғаны туралы ақпарат тарады
ашық дереккөз
Қостанай облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Шыңғысхан Есмұхановтың ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Департамент өкілдері оның жұмыс орнында жоқ екенін растады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Басылымның бейресми дереккөздерінің мәліметінше, Есмұханов 20 қарашада ұсталған болуы мүмкін. Алайда оның қандай жағдайға байланысты ұсталғаны әзірге белгісіз.
Алдын ала тараған ақпарат бойынша, әңгіме кәсіпкерлік субъектілерінің бірі төлемеген бірнеше жүз миллион теңге салыққа байланысты бірнеше миллион теңге көлеміндегі ықтимал пара туралы болуы мүмкін. Дегенмен бұл мәлімет ресми түрде расталмаған.
Қостанай облысының Мемлекеттік кірістер департаменті аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.
«Шыңғысхан Есмұханов жұмыс орнында жоқ. Департаменттің бұдан өзге ресми ақпараты жоқ. Осыған байланысты нақты ақпарат алу үшін тиісті уәкілетті органға жүгінуді ұсынамыз», – деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Әзірге құқық қорғау органдары Есмұхановтың ұсталғанын және оған қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын ресми түрде растаған жоқ.