Ер адам тіс дәрігеріне барғаннан кейін қолы мен аяғынан айырылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
328

АҚШ-та 34 жастағы Девон Вантерпул жоспарлы түрде тіс дәрігеріне барғаннан кейін комаға түсіп, төрт бірдей аяқ-қолынан айырылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы LADBible басылымы жазды.

Оның серіктесі Алисия Уайлдердің айтуынша, ер адам қызыл иегіндегі мәселелерге байланысты дәрігерге жүгінген — олар қатты қабынып, қанап тұрған. Сол күні-ақ оның бойында тұмауға ұқсас белгілер пайда болып, жағдайы күрт нашарлаған.

Кейін науқаста септикалық шок дамып, көп ағзалық жеткіліксіздік басталып, ол комаға түсті. Дәрігерлер оны өмірді қамтамасыз ету аппараттарына қосып, инфекцияның таралуын тоқтату үшін бірнеше ампутация жасауға мәжбүр болды: ер адамның екі аяғы, бір қолының бір бөлігі және алақаны кесілді.

Дәрігерлердің айтуынша, бактериялар қанға зақымданған қызыл иек арқылы түсуі мүмкін. Сондай-ақ науқасқа өмірге қауіп төндіретін сирек асқыну — найзағай тәрізді пурпура диагнозы қойылған.

Жақындарының айтуынша, ер адамның жағдайы аса ауыр болған: оның жүрегі екі рет тоқтап, дәрігерлер өлім қаупін де жоққа шығармаған. Қазіргі уақытта ол мамандардың бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) алдағы апталарда іске қосылуы мүмкі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Рим қаласындағы атақты «Teatro Palladium» сахнасында Роза Бағланова атындағы «Қаза...