Тengrinews.kz мәліметінше, Жаңаарқа ауданында жеке үйдің ауласында тұрған үш көлік өртенді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ұлытау облысында белгісіз біреулер түнде аулада тұрған үш көлікті өртеп жіберген
Фото: видеодан скриншот
93
Оқырмандардың сөзінше, оқиға түнде болған.
"Жаңаарқада тоқсаныншы жылдар қайта басталды ма? Мұндай әрекетті ашық бассыздық демеске амал жоқ. Ең сорақысы, мұның бәрі қазіргі заманда, қарапайым тұрғын үй ауласында болып отыр", – деп жазылған редакцияға келген хабарламада.
Өңірлік Полиция департаменті үш көлікті өртеу дерегі бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын және қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деді ведомство өкілдері.
Полицияның мәліметінше, өзге ақпарат жария етілмейді. Редакция оқиға қалай жалғасатынын бақылайды.