Енді Конституция күні өзгерді — Тоқаев

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
604

Тоқаев референдумға белсене қатысқан жастармен әңгімелесті. Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленгенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Президент бүгін тарихи күн екенін айтты.

«Мен басқа да мемлекеттердің конституцияларымен танысып шықтым. Біздің Конституциямыз ең үздік Ата заңдардың қатарында тұрады деп сеніммен айта аламын», – деді мемлекет басшысы.

Президент жаңа Конституцияның ең алдымен, жастарға арналғанына назар аударды.

«Ауқымды үгіт-насихат науқаны жүргізілді. Алдымызда жұмыс көп. Енді жазда парламент сайлауы өтеді. Оны бір ел болып атқаруымыз керек. Бұл жастардың парламенті болуы қажет деп ойлаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік маңызы бар құжаттарға өзгертулер енгізгенін жариялады, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында үш жасар баланы ат таптап кетті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.  Қайғылы оқиғ...