Израиль неліктен соңғы сәтте палестиналық тұтқындарды босатуды кейінгі қалдырды?

Фото: REUTERS/Hatem Khaled

ЖАҢАЛЫҚТАР
1299

ХАМАС-пен арадағы келісім бойынша Израиль 600-ден астам палестиналық тұтқынды абақтыдан босатуы керек болған. Соңғы сәтте кепілдегі адамдардың бостандыққа шығу уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды madeniportal.kz cmn.kz-ке сілтеме жасап.

 

Күні кеше ХАМАС ұйымы атысты тоқтату туралы келісімнің бірінші кезеңінде босатуға уәде берген 6 израильдік тұтқынды үйлеріне қайтарған. Оған жауап ретінде Израиль билігі түрмеде отырған 620 палестиналыққа бостандық беруге тиіс еді. Бірақ соңғы сәтте Тель-Авив белгілі себептерге байланысты тұтқын алмасуды тоқтата тұруға шешім қабылдады.

ХАМАС тарапынан жасалған бірнеше бұзушылықты, соның ішінде кепілге алынғандардың абыройын қорлайтын рәсімдерді өткізу және оларды үгіт-насихат мақсатында қолдану әрекеті орынсыз деп есептейміз. Сол себепті 22 ақпанға жоспарланған тұтқындарды босатуды кепілге алынғандардың келесі босатылуы қорлау рәсімінсіз өтетініне кепілдік берілгенге дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылданды, - делінген Израильдің ресми хабарламасында. 

Айта кетейік, тұтқындарды босату кезінде ХАМАС өкілдері арнайы рәсім өткізіп, оны ақпарат құралдары арқылы көрсеткен. Шара барысында Палестинаның туы мен түрлі-түсті ХАМАС баннерлері көрсетіліп, кепілдегі адамдарға «босату туралы сертификаттар» салтанатты жағдайда табысталған. Бұл рәсім Тель-Авивке ұнамады, оны «масқара» деп атады және өзгертуді талап етті. Іле-шала тұтқын алмасуды тоқтатты.

Ал ХАМАС Израильді Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісімді өрескел бұзды деп айыптады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...