Кабинеттегі зорлау: Талдықорған полициясының экс-басшысының әйелі де сотталмақ

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2309

Антикор Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевтың әйеліне қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, 2023 жылдың қараша айында полиция бастығы Марат Күштібаев өзінің жеке кабинетінде 27 жастағы қызды зорлады деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Алайда осы істі зерттеу аясында жаңадан қылмыстық іс қозғалды. Талдықорғанда резонанс тудырған зорлау фактісі бойынша алаяқтық жасаған соттың бұрынғы хатшысы мен жәбірленуші 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді Күштібаевтың әйелі жәбірленушіге пара берді деп күдікке ілінді. Болған жағдайдан кейін Күштібаевтың әйелі жазаны жеңілдеткісі келген. Зерттеу барысында ол айғақтарды өзгертуге көндіру мақсатында сот хатшысына 40 млн теңге берген.

Облыс прокуратурасының хабарлауынша, ҚР ҚК 422-бабы, 1-бөлігі бойынша жәбірленушіге пара беру фактісі бойынша қылмыстық іс жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің құзырында тексеріліп жатыр.

«Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесінде сәйкес өзге де ақпараттарды таратылуға болмайды», деп хабарлады прокуратура.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда ем қабылдаған сарбаз Ербаян Мұхтар Қазақстанға оралды. Бұл туралы заңгер Инга Иманбай өзіні...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада ДНҚ арқылы 9 жыл бұрынғы қылмыс ашылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 2016 жылы қаскүнем...