Қостанайда бәстесіп, суға секірген жасөспірім қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
758

Әлеуметтік желілерде Лисаковск қаласында суға батып кеткен жасөспірім туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, оқиға жергілікті тұрғындар арасында “Скалки” деп аталатын аумақта болған. Бұл жерге жасөспірімдер жиі барып, жартастан суға секіретіні айтылады. Қайғылы оқиға болған күні кәмелетке толмағандар тобы су айдынының жанында болған және болжам бойынша, жасөспірім жүзуді нашар білсе де, бәстесіп суға секірген.

Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі баланың қаза тапқанын растады.

“Лисаковск қаласында Тобыл өзенінде 2011 жылы туған кәмелетке толмаған баланың денесі табылып, судан шығарылды. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға батып кеткен”, – деді ТЖ жою басқармасының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Инеш Какимова.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...