Атырау облысында қызметтік міндетін атқарып жүрген полицейлер соққыға жығылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1468

Атырау облысының Мақат ауданында бір топ жас қызметтік міндетін атқарып жүрген полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған. Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Алдын ала мәліметтер бойынша, оқиға 3 сәуір күні шамамен сағат 22:20-де болған.

«Полицей көшеде алкоголь ішіп отырған азаматтарға ескерту жасаған сәтте, олар қарсылық көрсетіп, топтасып оны соққыға жыққан. Соның салдарынан екі қызметкер зардап шекті», – деп хабарлайды atyrauoil.official парақшасы.

Полицияның мәліметінше, оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталған. Оларға қатысты процессуалдық шаралар қабылданды.

Аталған дерек бойынша билік өкіліне қатысты күш қолдану бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ведомство мұндай әрекеттер заңды өрескел бұзу болып табылатынын және қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте ер адам 2003 жылы жасаған қылмысы үшін 13 жылға сотталды. Ол Ресейде тек 2024 жылы ұстал...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басышысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотына он судья тағайындалды...