«Жүргізуші куәлігін алып беремін»: Астанада алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1546

Елордада полицейлер жүргізуші куәлігін алып беруге көмектесемін деген сылтаумен азаматты алдаған ер адамды жауапқа тартты,  деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Күдікті жәбірленушімен ортақ таныстары арқылы кездесіп, құжат рәсімдеу процесін жеделдетуге “таныстары көмектесетінін” айтып сендірген.

Ер адам ауызша сыйақыға келісіп, жеке деректер мен алдын ала төлемді алғаннан кейін байланысқа шықпай кеткен. Аталған дерек бойынша полиция тарапынан алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Полиция ескертеді: жүргізуші куәлігін заңсыз жолмен алуға талпыныстардың барлығы қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.

Көлік жүргізу құқығын алу тек белгіленген тәртіппен – оқудан өтіп, емтихан тапсыру арқылы ғана мүмкін. Азаматтарға қырағылық танытып, бейтаныс адамдардың ақшаға заңсыз көмек көрсету туралы уәделеріне сенбеу қажет.

Күмәнді жағдай туындаған кезде “102” нөміріне хабарласу ұсынылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық балалар ауруханасына 16 жастағы Жаркен Айжан жоспарлы ота жасату үшін өз аяғымен бар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түркияда Хатидже Ялманның қаза болардан шамамен екі сағат бұрын дүкенде жүрген сәті түсірілген бейне...