Канье Уэст Қазақстандағы концерті туралы жариялады

коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
326

Америкалық рэпер Ye (Канье Уэст) Қазақстандағы концертінен түсірілген видеоларды әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Музыканттың Алматыдағы концерті 15 тамызда Орталық стадионда өтті. Бастапқыда 14 тамызға жоспарланған шоу ауа райына байланысты бір күнге кейінге шегерілген болатын.

Қазақстандағы алғашқы ірі концертінде рэпер жанкүйерлеріне танымал композицияларын орындады. Шоу барысында түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде де кең тарады.

Бұған дейін Ye Алматыға келген сәтінен түсірілген видеоларды да әлеуметтік желі қолданушылары белсенді бөліскен еді. Музыкантты әуежайда қазақтың ұлттық дәстүрімен қарсы алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына байланысты қаралып жатқан іс прокурорға қайта жолданды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты блогер Ерб...