Бұрыңғы футболист қазіргі президент. Грузия президенті сайланды

Фото: Georgian Dream party / AP

Жаңалықтар
279

Биліктегі «Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясының кандидаты, парламенттің бұрынғы депутаты Михаил Кавелашвили Грузияның алтыншы президенті болып сайланды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Бұған парламент сайтында тікелей көрсетілген дауыстарды санау нәтижесі дәлел.

Сайлаушылар алқасының 300 мүшесінің 224-і Кавелашвилиге дауыс берді. Бірінші турда жеңіске жету үшін оған сайлаушылардың үштен екісінің дауысын алу керек болды.

ОСК хатшысы Георгий Джавахишвилидің айтуынша, президенттік сайлауға барлығы 225 сайлаушы қатысты. Бір бюллетень жойылды. 

Бұл сайлауда Кавелашвили Грузия президенттігіне жалғыз үміткер болды. Бұрынғы депутат, бұрынғы футболшы кандидатурасын билеуші ​​«Грузин арманы – демократиялық Грузия» партиясы ұсынған. Сондай-ақ ел тарихында тұңғыш рет президентті азаматтардың атынан сайланған сайлаушылар емес, сайлаушылар алқасы сайлады.

Бұған дейін Грузияның қазіргі президенті Саломе Зурабишвили өкілеттігі аяқталғаннан кейін де қызметінен кеткісі келмейтінін мәлімдеген. 

Грузияда таяуда өткен парламент сайлауында проресейлік “Грузин арманы" партиясы 54 пайыз дауыс жинап, 150 орыннан 89-ына ие болған. Оппозициялық партиялар "Өзгерістер коалициясы" 19 депутат мандатын, "Біртұтас ұлттық қозғалыс" – 16, "Күшті Грузия" – 14, "Грузия үшін" – 12 мандат алған. Оппозиция саулау нәтижесін мойындамай, парламент сайлауын қайта өткізуді талап етіп, наразылық акцияларын өткізген. 

Жаңалықтар

Павлодар облысында мектепте оқушының өзіне тіл тигізгені үшін мұғалім полицияға арыз жазған, деп х...

КИНО

Сенат депутаты Руслан Рүстемов Үкімет басшысы Олжас Бектеновке еліміздегі мемлекеттік тапсырыспен тү...