Каспий теңізінде құтқарылған әскери қызметшінің жағдайы белгілі болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
331

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде зардап шеккен әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазір оның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр.

«Науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Мамандар тиісті ем жүргізіп, науқастың жағдайын бақылауды жалғастыруда», – делінген хабарламада.

Науқастың ем алу барысы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Маңғыстау облысындағы оқиғаға байланысты 25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға байланысты 25-27 қыркүйекке жоспарланған бірқатар...