Каспий жағалауынан 100-ден аса итбалықтың өлексесі табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2587

Каспий жағалауынан 100-ден аса итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Қызыл кітапқа енгізілген 100-ден астам итбалықтың өлексесін теңіз дауылы жағалауға шығарып тастаған.

“24 қазанда Жайық-Каспий облысаралық бассейні балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауданында Каспий теңізінің жағалауына мониторинг жүргізу барысында итбалықтардың өлексесін тапты. Ол жерге инспекция, жергілікті атқарушы органдар, гидробиология және экология институты, “Qazaq balyk”республикалық балық шаруашылығы және аква-мәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері жедел жетті. Итбалықтардың қырылуының себебі тиісті зертханалық зерттеулерден кейін белгілі болады”, - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтау қаласында төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған,...

АЙМАҚТАР

Ар-ождан бостандығы ата Заңымызбен кепілдік берілген ажырамас құқық. Алайда бұл қасиетті ұғымды кейб...