Атырауда 9 жасар баланың үстіне мотоцикл құлап кетті

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1655

Атырауда 9 жасар баланың үстіне электрлі мотоцикл құлап кетті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Нақтырақ оқиға Исатай мен Махамбет алаңында болған. 

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 шілде күні түнгі сағат 01:17 шамасында 1985 жылғы ер адам тізгіндеген электромотоцикл оқушы баланың үстіне  құлаған. Зардап шеккен бала балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

Жүргізуші медициналық сараптамадан өткен. Тексеру нәтижесінде оның мас күйде болғаны анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...