Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында ағайынды екі жігітті пышақтап кетті, деп хабарлай...
«Кедейдің тілі»: Мәжіліс депутатының қазақ тілі туралы жазған пікірі қоғам наразылығын тудырды
ашық дереккөз
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза әлеуметтік желіде қазақ тілін және ана тілінде сөйлейтін азаматтарды қорлайтын пікір жазды. Осы жайтқа байланысты депутатқа қатысты прокуратураға арыз түсті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оқиға депутаттың Facebook-тегі жазбасынан кейін өршіген. Жазбада ол қазақ тілі туралы:
«Қазақ тілі – кедейлердің, сіңлілердің, арба сүйрейтіндер мен даяшылардың тілі! Кіжін сіңір! Ашулан, кедей!» – деп жазған.
Көптеген желі қолданушылары аталған сөздерді мемлекеттік тілге жасалған ауыр қорлау деп бағалады.
«Қазақтың тіліне, дәстүріне, ар-намысына және сеніміне тіл тигізетін адамға заң аясында ең қатаң шара қолданылуы тиіс», – деп жазды пікір білдірушілердің бірі.
Тағы бір қолданушы: «Егер біздің салық есебінен жалақы алатын депутат осылай жазса, өзгелерден не күтуге болады?» – деген пікір қалдырған.
Осыдан кейін желі қолданушылардың бір бөлігі Астана қаласының прокуратурасына және Бас прокуратураға депутаттың сөзін тексеріп, құқықтық баға беруді талап етіп арыз жолдаған.