«Бұрынғы әйелін кепілде ұстаған»: Түркістандық тұрғынға сот үкімі шықты

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1250

Түркістан облысында бұрынғы әйелін кепілге алып, оған пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен ер адамға үкім шығарылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұл оқиға өткен жылы Сайрам ауданында болғанын еске салды. Бұрын сотталған, лудоманиямен (ойынқұмарлықпен) ауыратын ер адам бұрынғы әйелінің үйіне баса-көктеп кіріп, балаларымен кездесуді талап еткен. Ол әйелге пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен.

Туыстары мен полицияның талабына қарамастан, қылмыскер әйелді күштеп көлікке отырғызып, оқиға орнынан жасырынған.

Шымкент қаласында жүргізілген арнайы операция барысында кепілдегі әйел босатылып, қылмыскер ұсталды.

«Сот аталған мән-жайларды ескере отырып, жаңа жаза мерзіміне бұрын тағайындалған 3 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосып, 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – деп хабарлады ведомство.

Үкім заңды күшіне енді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылында екінші атом электр станциясының құрылыс ауданын талқылауғ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...