Кейбір қазақстандықтарға ChatGPT қолдануға тыйым салынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1134

Қазақстанда танымал ChatGPT нейрожелісін бәрі бірдей пайдалана алмайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Қаныш Төлеушин мәлімдеді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Мәжіліс кулуарында сөйлеген Қаныш Төлеушиннің айтуынша, цифрландыру министрі мемлекеттік қызметшілерге ChatGPT-ті қызметтік мақсатта қолдануға тыйым салатын бұйрыққа қол қойған. Мұндай шешім деректердің сыртқа шығып кетуінің алдын алу үшін қабылданған. Оның орнына мемлекеттік қызметшілерге Назарбаев университеті базасында жасалған қазақстандық нейрожеліні қолдану ұсынылған.

«Егер біреу тілдік модельді жұмыс тиімділігін арттыру үшін қолданғысы келсе, онда біздің ғалымдар әзірлеген балама шешім бар. Біздің үлкен тілдік моделіміз жабық жүйеде, өз серверлерімізде орналасқан», – деп түсіндірді Қаныш Төлеушин.

Сонымен қатар ол қандай да бір жұмыстың нақты қай нейрожелі арқылы орындалғанын анықтау әзірге мүмкін емес екенін мойындады. Ал қазақстандық балама нейрожеліні әзірлеуді Төлеушин еліміз ішіндегі «құзыреттерді дамыту» үшін қажет деп атады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...