Келер жылдан бастап Отбасы банк төлемдерді тек онлайн қабылдайды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2470

Отбасы банк келесі жылдан бастап төлем терминалдарын толығымен жабады, деп хабарлады madeniportal.kz Азаттық рухына сілтеме жасап.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктің барлық терминалы толығымен жабылады. Неге десеңіздер, Отбасы банк толығымен жаңа цифрлық шешімдерге көшіп жатыр. Сізге енді банкке келіп, төлем терминалдарын пайдаланудың қажеті жоқ. Біз сіздердің уақыттарыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыру жолында жұмыс істеп жатырмыз», - деп мәлімдеді Отбасы банк.

Терминалдардың жабылуына қарамастан, азаматтар барлық операцияны онлайн орындай алады.

Екінші деңгейлі банктердің терминалдары және банкоматтары, мобильді қосымшалары, интернет-банкингі мен Otbasy bank-тің мобильді қосымшасы, сондай-ақ Қазпошта бөлімшелері арқылы депозиттерді толықтырып, кредиттерді өтеуге болады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...