«Тым жүдеп кетіпті»: Сәкен Майғазиевтің келінін жұрт сынға алды

коллаж politico.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
912

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің отбасы желі қолданушыларының назарына тағы да ілікті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы politico.kz жазды. Әншінің әйелі Динара Майғазиева мен келіні үйінде қонақ күтіп, құдалық өткізген сәтінен видео жариялаған. Сол бейнематериал жарияланған соң, көпшілік оларды қызу талқылап, түрлі пікірлер қалдырды.

Видео барысында үй ішінің сән-салтанаты мен қонақ күту барысы көрсетілгенімен, жұрттың назары көбіне жас келінге ауды. Көптеген қолданушылар оның жүдеп кеткенін айтып, кейбірі оған жанашырлық білдірді. “Келіні қатты жүдеп кетіпті”, “Жүдемей қайтсін, күнде қонақ күтсе”, “Бәлкім, токсикоз болып жүрген шығар”, “Сәкеннің әйелі күліп жүргенімен түсі біртүрлі суық”, “Жүкті сияқты” деген пікірлер әлеуметтік желіде жиі кездескен.

Желі қолданушыларының көбі жас келінге түсіністікпен қарап, оған демалыс пен қамқорлық қажет екенін айтып жатыр. Тіпті кейбірі келіннің аяғы ауыр болуы мүмкін деген болжам жасап, денсаулығына алаңдаушылық білдірді. Ал кей оқырмандар Сәкен Майғазиевтің әйелі Динараның қонақ күткендегі сабырлы болмысын атап өтсе де, оның “жасанды күлкісі” мен “салқын қабағын” сынға алды.

Әншінің отбасы бұған дейін де әлеуметтік желіде жиі назарда болған. Бұл жолы да көпшілік олардың отбасылық өміріне қатысты түрлі пікір білдіріп, видео айналасында үлкен талқылау туғызды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Францияда полиция әкесі бір жылдан астам уақыт фургонда ұстаған 9 жастағы баланы құтқарды, деп хабар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» жалпыұлттық ба...