«Кешірім сұрамады»: Атырау облысында қайынжұртын қырған жігіттің әке-шешесі құдаларының үйіне әлі бармаған

Фото: ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
932

Атырау облысында болған отбасы трагедиясына қатысты жәбірленушілердің жақындары мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Марқұм Мақсот Қарабалиннің қарындасы Асила Мұқанғалиева өз сөзінде сіңлісі Ақбаян Мұқанғалиева мен 5 баласы туралы айтты.

Ақбаянға барып тұрамыз. Тамағын апарып береміз. Кездеспейміз. Балаларға екі рет барып кеттім. Махамбеттегі Білім басқармасынан рұқсат қағаз керек болған соң, барған жоқпыз. Құда-құдағиларымыз келген де жоқ, кешірім сұраған жоқ. Ең болмаса, алдымыздан өтіп, бір ауыз кешірім сұрап кетуге болатын еді. Келген жоқ!