Алматыда 5-санатты өрт қаупі жарияланды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1357

Алматыда аптап ыстыққа байланысты ең жоғары – 5-санаттағы өрт қаупі жарияланды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жыл басынан бері қалада 300-ден астам құрғақ шөп жану оқиғасы тіркелген. Кейбірі таулы аймақтағы өртке ұласып, тұрғын үйлерге қауіп төндірген.

Қазір қала маңындағы 104 шақырым аумақта шөп шабу және тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар тұрғындарға қураған шөбі бар жерлерде:

от жақпауға;

темекі шекпеуге;

қураған шөпті өртемеуге кеңес береді.

Электр желісін шамадан тыс жүктемеу және балаларды көлікте жалғыз қалдырмау да ескертілді.

Қасақана өрт қойғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...