«Кеткеніңнен келгенің тез болды ғой». Сахнамен қоштасып кеткен Төреғали өз тележобасын таныстырды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1429

Сахнамен қоштасамын деп мәлімдеген Төреғали Төреәлі жаңа жобаның тізгінін ұстады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"TORE SHOW — менің жаңа авторлық тележобам! Бұл кеште бәрі болады: шынайы арнау, терең сұхбат, әсерлі әндер, ерекше сюрприздер. Көрермендер саны — небәрі 150 адам. Ерекше атмосферада өтетін, тек қонақтарға арналған кеш", - деді ол. 

Ұлы дала баласы тележобасының алғашқы шығарылымын өткізіп те үлгерген. 

"Көзді ашып-жұмғанша — алғашқы TORE SHOW өтті. Бұл — менің шығармашылық жолымдағы жаңа белес, жаңа тыныс. TORE SHOW — арманнан туған ақиқат. Бірінші бағдарлама. Бірінші қонақ. Жүректің төрінен орын алған тұлға — Нұрлан Имам", - деп жазды ол. 

Әншінің бұл бастамасын қолдағандардың қатары көп. Алайда өнерден кетемін деген сөзін есіне салып жатқан тыңдармандары да аз емес. 

"Болды, бітті дегенің жай әңгіме болғаны ма?", "Не болды? Кеткеніңнен келгенің тез болды ғой", "Қайтып келген қыз жаман", деп жазысты олар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...