Астанада кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында баланы ит қабуы...
Кино туралы жаңа заң – киноөндірісті қалыптастырудың көпірі
Астанада, Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Отырыста ҚР «Кинематография туралы» заңнамасының негізгі ережелері талқыланды. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Парламент Мәжілісінің депутаттары, ҚР министрліктері мен бағынысты ұйымдары, сонымен қатар шетел сарапшылары қатысты.
Отырыс жұмысын аша отырып, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік мәдени дамуы жөніндегі комитеттің төрағасы Бейбіт Мамраев киноөндіріс саласын реттеу үшін осы заңнаманы қабылдаудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.
ҚР Мәдениет және спорт министрі киноөндірісті мемлекеттік қолдау, киноөндіріс үшін әкімшілік және технологиялық негіз әзірлеу және кинематограф саласына шетелдік инвестицияларды тарту мәселелері бойынша баяндамамен сөз сөйледі.
Соның ішінде, министрлік елдің кинематографын жаңа сапалық деңгейге шығару мақсатында жаңа жобаларды іске асыратынын атап көрсетті. Осыған орай, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында «Кино туралы» Заңның жобасы және ілеспе заң әзірленді.
– Заңнаманы әзірлеу кезінде халықаралық стандартқа сай болу үшін әлемдік оң тәжірибені және Франция, Германия, Қытай, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Канада және т.б. жетекші өндіруші елдердің заңнамасын тыңғылықты зерттедік. Үздік халықаралық тәжірибелерді есепке ала отырып, қарастырылуға ұсынылған заңнамада бірқатар негізгі бастамалар анықталған. Бұл – ұлттық кино Қорын ашу, салық жеңілдіктерін енгізу, фильмдер мониторингісінің ақпараттық жүйесін енгізу, - деп А. Мұхамедиұлы атап көрсетті, сонымен қатар, киноөндіріс субъектілері кинофильмдерді шығару барысында шығындардың жартысы өтелетін ақпараттық жүйені енгізу көзделген мемлекеттік қолдау тәртібі қажет екенін толықтырды. Бұл әдетте фильмді түсіруге кеткен шығындардың 25-30 %.
Осы шараларды іске асыру үшін қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінде қарастырылып жатқан «Кинематография туралы» Заң жобасының аясында Кәсіпкерлік кодексқа тиісті өзгертуді енгізу жоспарланады.
Отырыста АҚШ-тан шақырылған жетекші сарапшылар өз қөзқарасымен бөлісті. Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселесі бойынша стратегиялық даму саласындағы халқаралық консалтингілік компанияның атқарушы директоры және президенті, 500 аса ірі компаниялармен, МЕҰ, бастамалармен, сыртқы істер министрліктерімен және бүкіл әлем бойынша елшіліктермен жұмыс істеген NBC Universal, Inc. өкілі Джей К. Футлик сөз сөйледі.
Ол Заңның жеңілдетілген нормасын ұстанудың маңыздылығы жоғары екендігін айтып, – Егер осы өзгертулер заңнамада көрініс тапса, заңнама тек халықаралық стандарттарға сай келіп қана қоймай, сонымен қатар елге инвестициялар тарту мен отандық киноөндірісті дамытудың сенімді негізі бола алады, – деп көрсетті.
Халықаралық өзара түсіністік Кеңесінің атқарушы директоры және президенті Питер Тичанский заңнаманың табысты қызмет етуі үшін ірі кино және телевизиялық корпорациялармен ынтымақтастықты іске асырудың маңыздылығы туралы айтты. Ол бүкіл әлем бойынша бизнес пен саясат саласындағы көшбасшыларға кеңес бере отырып, комерциялық дипломатияның, сауда мен инвестициялардың және әлемдік кәсіпкерлік және трансшекаралық кенеюі үшін BCIU позициясының сенім мен тұрақтылығына назар аудартты.
Сарапшылар осы аспектілердің барлығы есепке алынатын жаңа заңнама саланың нормативті-құқықтық базасын реттеп қана қоймай, сонымен қатар, Қазақстанның жетекші әлемдік кинокомпанияларымен ынтымақтастығына жаңа мүмкіндіктерді ашатынына сенімді.
madeniportal.kz