Түркістан облысында танымал блогердің адам шошырлық ісі әшкере болды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1512

Блогер Түркістан облысындағы кафелердің бірінде ақша алып жатқан сәтінде ұсталды. Ол жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ұстау операциясына Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қатысты. Ведомствоның ақпаратына сәйкес, блогер әлеуметтік желіде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан алдымен 2000 АҚШ долларын алып, кейін тағы 4 миллион теңге талап еткен.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде блогерді Сайрам ауданы кафелерінің бірінде 6900 АҚШ доллары сомасында ақша алып жатқан сәтінде ұстады.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жасыл түске боялған Есіл өзені тазартылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Жасыл түске боя...

Шоу-бизнес

Pin Up онлайн-казиносына қатысты тергеу аясында тағы бір блогерге ресми түрде іздеу жарияланды, деп...