36 жастағы келіншек 23 жылда 44 бала босанып елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
171

Уганда тұрғыны 23 жылда 44  баланы өзі босанған. Жергілікті дәрігерлер мұны сирек кездесетін генетикалық ерекшелікпен — гиперовулямен түсіндіреді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

36 жастағы Мариям Набатанзи Угандада тұрады және ол әлемдегі ең көп балалы ана саналады. Бүгінгі таңда оның 44 баласы бар. Алғашқы егіздерін ол 13 жаста босанған. Өзінен 28 жас үлкен күйеуі  отбасын тастап кеткен.

«Мариям алты рет егіз, төрт рет үшем, бес рет алты егіз баланы дүниеге алып келген. Небәрі 23 жаста оның 25 баласы болған. Сол кезден бастап ол дәрігерлерге бала туғысы келмейтінін айтып келген», деп жазады басылым.

Бұл генетикалық ерекшелік болғандықтан, дәрігерлер оның жүктілігінің алдын ала алмаған. Тек Набатанзи 38 жасқа толғанда ғана дәрігерлер оған операция жасап, әйелді қолдан бедеу қылған.

Набатанзи балаларын асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істейді, ал оның тұңғышы анасына көмектесу үшін мектепті тастап кеткен. Әйелдің айтуынша, үй тар болғандықтан, отбасы мүшелерінің кейбірі далада жатады. Сонымен қатар олар күніне 10 кг ұн, 7 кг үрмебұршақ, 4 кг қант жейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

IBHOF жыл сайын әлемдік боксқа елеулі үлес қосқан спортшыларды марапаттайды, деп хабарлайды MadeniPo...