1 қаңтардан бастап шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылады

Фото: Envato

ЖАҢАЛЫҚТАР
482

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның елшіліктері шетел азаматтарына жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беруді тоқтатады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz orda.kz сілтеме жасап. 

Дипломатиялық өкілдікте нақтылағандай, шетелдіктерге ЖСН беру жөніндегі пилоттық жоба 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады.

Оның орнына шетел азаматтары үшін eResidency бағдарламасы енгізілді. Бұл бағдарлама Қазақстан аумағына келмей-ақ, мемлекеттік қызметтер мен сервистерді онлайн форматта алуға мүмкіндік береді.

Бағдарлама аясында жеке сәйкестендіру нөмірі бар цифрлық ID-карта алу, сондай-ақ бірқатар қаржылық және цифрлық сервистерге қол жеткізу көзделген. Атап айтқанда, қор нарықтары мен криптобиржаларға шығу, қазақстандық нөмірі бар eSIM рәсімдеу, электрондық цифрлық қолтаңба мен сақтандыру қызметтерін алу, қазақстандық карталарды пайдалана отырып, банк шоттарын онлайн ашу мүмкіндігі қарастырылған.

«Жоғарыда айтылғандарға байланысты, шетел азаматтарына ЖСН алу мәселелері бойынша барлық толық ақпарат қолжетімді болатын ресми сайтқа жүгіну ұсынылады: https://eresidency.gov.kz/» деп жазылған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінің хабарламасында. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...