70-ке жуық адам жарақат алды. Жәрмеңкеге жиналған жұртты көлік қағып кетті

Фото: Dörthe Hein/picture alliance/dpa/dpa-Zentralbild

ЖАҢАЛЫҚТАР
2455

Германияның Магдебург қаласындағы Рождестволық жәрмеңкеде жиналған жұртты көлік қағып кетті, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

 

Қаққан жүргізуші қолға түскен. Соңғы ақпараттар бойынша екі адам қаза тауып, 70-ке жуық адам жарақат алған.

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлайды.

«Екі адам қаза тауып, 15 жәбірленуші – ауыр, 37 жәбірленуші – орташа ауыр, 16 жәбірленуші жеңіл жарақат алды», - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, құрбандар саны бастапқыда 60 пен 80 адам арасында болған.

Полицияның мәліметінше, көлікті 50 жастағы Сауд Арабиясының азаматы басқарған, ол жалғыз өзі әрекет еткен. Сондай-ақ күдіктінің Сауд Арабиясында терроризм және адам саудасы сияқты ауыр айыптар бойынша іздеуде жүргені белгілі болды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысының Сырдария ауданында хоккей жаттықтырушысы кәмелетке толмаған шәкіртін зорлады дег...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданында 89 жастағы әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозға...