Көктайғақ салдарынан автобус адам қағып өлтірді

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
4343

Қарағанды полиция департаменті автобус көктайғақ салдарынан жаяу жүргіншіні қағып өлтіргенін мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Оқиға 12 қазан күні сағат 19:00 шамасында болған. Липецк көшесінде 53 жастағы маршруттық автобус жүргізушісі көктайғақ жағдайында 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

“Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізілді, бірақ дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол алған жарақаттарынан көз жұмды", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметтері бойынша күннің күрт сууы және көктайғақ салдарынан өңірде 22 жол-көлік оқиғасы болған.

Шахтинск және Теміртауда да жол-көлік апаттары болып, нәтижесінде екі адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...