Көлікке таудан алып тас құлап кетіп, үш адам қаза тапты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
2665

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы асуда Cobalt көлігіне үлкен тас құлап, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz Azattyq Rýhyтілшісіне сілтеме жасап. 

Кейбір мәліметтерге сәйкес, көлікте мажарлық туристер болуы мүмкін.

Китаб аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қайғылы оқиға «Тахтакарача» асуында болған. Көлік Китабтан Самарқандқа бара жатқан.

Қайтыс болған азаматтардың жеке басы нақтыланады. Әлеуметтік желілердегі мәлімет бойынша, салонда жолаушы ретінде Мажарстан азаматтары, жүргізуші өзбекстандық болған. Қазіргі уақытта асу көлік қозғалысы үшін уақытша жабық. Қазір онда жауапты ұйымдар мамандарының арнайы тобы жұмыс істейді. Қозғалысты қалпына келтіруге қатысты қосымша ақпарат кейінірек беріледі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласында Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хаба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың осы уақытқа дейін белгісіз болып келген хаты табылды, деп...