Риддер тұрғыны өзіне салынған айыппұлмен келіспей, полицейлерді сотқа берді

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
1325

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының тұрғыны өзіне салынған айыппұлмен келіспей, полицейлермен соттасып, жеңіліп қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ер адам Третий шағынауданындағы дүкен маңында жерге темекі тұқылын тастаған. Сол үшін оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434-бабы 2-бөлігіне сәйкес (қоғамдық орындарды қайта ластау) хаттама толтырылған.

Алайда азамат полицейлермен келіспей, сотқа шағым түсірді.

"Сот отырысында ол темекі тұқылын қоқыс жәшігіне тастағанын айтты. Алайда сотқа ұсынылған бейнематериалдар, оқиға орнындағы фотосуреттер және куәгердің сөзі ер адамның кінәсін дәлелдеді", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен. 

Риддер қаласының тұрғыны бұған дейін де осы бап бойынша жауапқа тартылған. Сот оның шағымын қанағаттандырған жоқ. Енді ол 78 640 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...