Атырау-Орал тасжолында болған жол апатына танымал әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиевтің әкесі тап бо...
Ер адам Жамбыл облысында жүкті әйелін пышақтап өлтірген
Фото: freepik
1255
Жамбыл облысында жүкті әйелін пышақтап өлтірген ер адамға үкім шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жүкті әйелін өлтірген ер адамды 15 жылға бас бостандығынан айырды.
Қанды қылмыс 2024 жылдың тамызында Қордай ауданы Масанчи ауылында болған. Тергеу мәліметтері бойынша, отбасылық жанжал кезінде ер адам әйелінің жүктілігі екенін біле тұра оған пышақ ала жүгірген.
Әйел сол жерде қайтыс болды.
Прокурорлар ер адамды 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда сот сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуын ескеріп, оны 15 жылға бас бостандығынан айырды.